2023 жылдың І тоқсанында 436 мыңнан астам қазақстандық республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алды. Бұл мақсаттарға 60,6 млрд теңге бағытталды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.