Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың Степногорск қаласында өткен Ақмола облысының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарының өкілдерімен кездесуі барысында өңірдегі экология мәселелері мен оны сақтау және жақсарту шаралары талқыланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.