Қазақстанның 11 өңірінде салынатын 65 сүт-тауар фермасының құрылысы 2023 жылға арналған АӨК саласындағы Үлкен жоба пулына енді. Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – cауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте оны жүзеге асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.