2023 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген микрокредиттер алуға 2,1 мыңнан астам өтінім түсті. Биыл барлығы 5 796 микрокредит беру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.