Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі комитеті пенитенциарлық мекемелерде үздіксіз бейнебақылауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда ҚАЖ мекемелерінде 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған, бұл «соқыр аймақтарды» жояды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне үздіксіз бейнебақылауды енгізу құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.