2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға қосымша 2,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау арқылы көмектің заттай түрін ақшалай түрге ауыстыру арқылы қол жеткізілді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.