ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Қаржылық мониторинг агенттігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Кәсіпкерлер форумы, «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік органдар өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.