2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын 11,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 6,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 3,6 мың адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 895 адам, жастар практикасы арқылы 50 адам жұмысқа орналастырылды. Оқытумен 66 адам қамтылды, 246 АӘК алушыға кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдем көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Еңбек министрлігі: жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 11 мыңнан астам АӘК алушы қамтылды
Тегтер:
сот төрелігі