Лондон қаласында Қазақстан мен Ұлыбританияның авиациялық билігі арасында келіссөздер өтті. Қазақстан тарапынан делегацияны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев басқарды. Ұлыбритания тарапынан көлік департаменті басшысының орынбасары Д. Беван, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.