Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте елдегі әлеуметтік өнімдердің бір аптадағы баға жағдайы қаралды. Негізінен картоп, сәбіз, пияз бағасының маусымдық өсуіне байланысты орташа индекс +0,1% қалыптасты. Нан, түтік кеспе, тауық еті, қант, тұз бағасы тұрақты, деп хабарлайды Primeminister.kz.