Әлеуметтік кодекс аясында 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына өзінің зейнетақы жинақтары сомасының 50%-на дейін өзінің дербес таңдауы бойынша жеке басқарушы инвестициялық компанияларға беру құқығы беріледі. Бұл азаматтарға зейнетақы активтерін басқаруға қатысуға, өздерінің зейнетақы жоспарын құруға, жинақтарын инвестициялаудың балама саясатын таңдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.