Мемлекет басшысының таспырмасына сәйкес, еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру мақсатында 2023 жылдың жылдың ақпан айынан бастап Ақтау теңіз сауда порты және оған жататын «Баутино» жүк ауданы, «Құрық портының аумақтары «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына енгізілген. Оның аясында порттардың инфрақұрылымын дамыту шараларымен қатар, экономикалық аймақта 2025 жылдың соңына дейін контейнерлік хаб құру көзделген, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.