Астанада Әзербайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан елдерінің цифрлық сала өкілдері электрондық үкіметтің интеграциясы, ұлттық тәжірибеге мемлекеттік технологияларды енгізу үшін озық цифрлық технологияларды зерттеу мен әзірлеу, «Түркі метаәлемін» енгізу, АҚШ-та «Түркі IT-үйін» және «Түркі венчурлық қорын» құру мәселелерін талқылады.