ҚР Әлеуметтік кодексінде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайтуға бағытталған бірқатар шаралар көзделген. Бүгінгі күні Қазақстанда көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасып, жұмыс істейді. Оған базалық және ынтымақты зейнетақы, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемі кіреді. Соңғысы азаматтардың зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасады.