Бас прокуратурада 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы шығарылды. Отырыс барысында қадағалау органының басшысы прокурорлардың негізгі күш-жігері азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қылмысқа, әсіресе оның ұйымдасқан нысандарына қарсы күрес, қылмыстық процесті жаңғырту, азаптаудың алдын алу, бизнесті қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға бағытталғанын атап өтті.