Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді, электр энергиясының тапшылығын, энергия өндіруші ұйымдардың әртүрлі тарифтеріне байланысты бәсекелестіктің тең емес жағдайларын жедел жою мақсатында электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы арқылы электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату моделі әзірленді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.