Батыс Қазақстан облысында мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету аясында 587 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі, оның ішінде 463 объект ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделген. Жыл соңына дейін 189 объектіні бейімдеу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.