Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасында «Балалар кітапханасы» бағдарламасына ұсынылатын кітаптардың тізімі жасақталды. Оған қазақ әдебиеті тарихының барлық дәуірі мен кезеңін, жанрлық бағытын қамтитын 1770 шығарма енді. Оның 76% – отандық, 24% – әлем әдебиетінің таңдаулы еңбектері, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрілігі.