2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға жылдық 2,5%-бен берілетін жеңілдетілген микрокредиттер алуға 5,1 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Биыл жалпы 5 796 микрокредит беру жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.