Жыл сайын инфляция деңгейіне базалық зейнетақыны және ынтымақты зейнетақыны индекстеуден басқа – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына өткен Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында инфляция деңгейінен 2%-ға артып, Мемлекеттік зейнетақы төлемдерін тағайындау параметрлерін өзгерту есебінен 1,4 млн-нан астам адамның зейнетақысы қосымша өсті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.