Көлік министрлігінде өткен алқалы жиын барысында автожол саласын одан әрі дамыту бойынша қалыптасқан жағдай мен алдағы уақытқа белгіленген жоспарлар, атап айтқанда басымдық берілген жобаларды іске асыру, жолдарды реконструкциялауға арналған жерлерді белгілеу, сондай-ақ жол бойында жолаушыларға қызмет көрсететін нысандар желісін кеңейту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.