2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 45 мыңнан астам өтінім қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 27,1%-ын құрайды. Қазіргі уақытта жобаға 740-тан астам медициналық ұйым қосылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мүгедектікті белгілеу бойынша 45 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
Тегтер:
денсаулық сақтау