Қазақстан Үкіметі азаматтарға онкологиялық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша бірқатар қосымша шаралар қабылдайды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.