ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым қоры атынан Satbayev University және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен – Tech Garden бірлесіп «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша диалог алаңын ұйымдастырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.