Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 740 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 283 мыңнан астам адам пайдаланды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.