ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан және Қызылорда облыстарында шекара маңындағы өзендер мен Сырдария өзеніндегі суды есепке алу жүйелерін автоматтандыру жоспары әзірлеп жатыр. Кейін ақпараттық ситуациялық орталық базасында бірыңғай диспетчерлік пункт ұйымдастырылатын болады. Бұл су ресурстарын дұрыс есепке алуға, тұтынуды бақылауға және жалпы су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Тиісті жұмыстар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.