Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау үшін Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Онда ұсынылатын шараларды іске асыру сапалы жұмыс орындарының санын 3,6 млн-ға дейін ұлғайтуға және жұмыспен қамту құрылымын жақсартуға ықпал етеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.