ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Еңбекминінің басшысы еңбек ұжымдарымен өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады және зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін азаматтарға 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнайы әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі тәсілдері туралы айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.