Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Батыс Қазақстан облысында 203 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бейімделді. Оның ішінде 180 нысан 2023 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толық бейімделген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.