ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы, әсіресе, түркі мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы туралы кеңінен сөз болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.