Абай облысы жастарының арасынан 226 адам кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредит алды. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өңір тұрғындары өздерінің бизнес-жобаларын табысты жүзеге асыруда, деп хабарлайды өңір әкімдігі.