2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 7%-ға, ынтымақты зейнетақыны – 9%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға ілгерілеп арттыру көзделген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.