ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген Су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде еліміздегі 15 су қоймасы реконструкциядан өтеді. Атап айтқанда, күрделі жөндеу жұмыстары Қазақстанның 9 облысында жүргізілетін болады. Бұл нысандардың жалпы көлемі 1,9 текше шақырымды құрайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.