2023 жылы 145,5 мың азамат, оның ішінде 42 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында курстардан өткені туралы сертификат алды. Skills Enbek-те барлығы 355 мың адам, оның ішінде 166,5 мыңы – 2023 жылы тіркелді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.