ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енгелі 2023 жылғы 1 шілдеде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Өткен жылы әлеуметтік инспекторлар барлығы 1 127 тексеру жүргізді, оның 551-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 476-сы жоспардан тыс тексерулер болды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.