2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 9 970 адам жұмысқа орналастырылды. Жобаға қатысушылардың 61,6 %-ы (6144 адам) әйелдер. Осы бағыт бойынша 2023 жылы жалпы 10 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.