ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің 7 ақпандағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс кодексінің жобасымен белсенді жұмыс жүргізуде. Құрылыс кодексінің жобасында цифрландыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген, яғни цифрлық шешімдер жобалау алдындағы дайындықтан бастап оны пайдалануға дейінгі құрылыстағы қызметтің барлық дерлік салаларын қамтиды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.