Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды несиелендірудің қолданыстағы ережелеріне қажетті түзетулер пакетін әзірлеуде. Бұл туралы Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды primeminister.kz.