2024 жылдың басынан бастап Отбасының цифрлық картасының көмегімен 785 азамат SMS-ке келісім беру арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алу құқығын пайдаланды. Оның ішінде 765 адам жұмысынан айырылуы және 20 адам бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлем алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.