Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың жиынтық кірістері мен шығыстарын айқындауды ескере отырып, Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің бизнес-процесін трансформациялау тетігін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.