Үкіметтің қаулысымен денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген құжатты министр Ақмарал Әлназарова ұсынды, деп хабарлайды Primeminister.kz.