Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов ауқымды су тасқынының салдарын жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстарының барысына түсініктеме берді. Үкімет басшысы су тасқыны мыңдаған азаматқа, сондай-ақ инфрақұрылымға, экономикаға және жалпы елімізге айтарлықтай зиян келтіргенін атап өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.