Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жол-көлік саласын дамыту жоспарларымен танысып, Бұқтырма су қоймасындағы Күршім көпір өткелінің құрылыс қарқынын тексерді. Жоба Президенттің тапсырмасы бойынша бірнеше ауданның өңірдің орталығымен көлік қатынасына байланысты тұрғындардың өтініштерін ескере отырып іске асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.