Биыл ақпан айында Мемлекет басшысы инвесторларды тарта отырып, қалдықтарды өңдейтін зауыттар салуды тапсырды. Осы тапсырма аясында Үкімет қайта өңдеу төлемдерін пайдалана отырып, қалдықтарды басқару саласында 94 инвестициялық жобаның пулын қалыптастырды. Барлық жобалар мүдделі тараптармен, атап айтқанда әкімдіктермен және бизнес-қауымдастықтармен келісілді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.