Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде алғаш рет әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жүргізілді. ​Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу 2024 жылғы ақпан-тамыз айлары аралығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе өткізілді, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.