Премьер-Министр Олжас Бектенов қазақ даласында мұнай өндірісінің басталғанына 125 жыл толуына орай мұнай-газ кешенінің ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтап, ел экономикасы құрылымындағы саланың маңызын атап өтті.  Үкімет басшысы марапаттау рәсіміне қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанды әлемдік энергетика нарығындағы жетекші ойыншылар қатарына қосқан сала ардагерлері, мұнайшылар, инженерлер мен ғалымдардың жанқиярлық еңбегі мен қажыр-қайраты үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Primeminister.kz.