Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйі туралы баяндады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 772 колледж 565 мың студентке білім беруде, атап айтарлығы оның ішінде 177 мың студент биылғы жылы оқуға қабылданған. 91 мың студент дуальды оқумен қамтылған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.