Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының ережелерін қайта қарады. Атап айтқанда, тұжырымдамаға су тасқынын болжау мен модельдеуді жетілдіру, кадрлық әлеуетті арттыру, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тармақтар қосылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.