Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді. Биыл өңірдің диқандары 55 мың гектар күріш алқабында су үнемдеу технологияларын қолданды. Қызылорда облысындағы күріш алқаптарының жалпы ауданы 84 мың гектар, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.