Биыл «Ауыл аманаты» жобасы мал шаруашылығы мен өзге бизнес түрлерін дамытуға басымдық берді. Мал шаруашылығына 24 жоба қаржыландырылып, өзге бизнес түрлеріне 30 жобаға қолдау көрсетілуде. Бұл жобалар іске асқанда аудан бойынша жұмыссыздықты төмендетіп, қосымша 50 жұмыс орнын ашуға ықпал етпек, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.